Министрдің айтуынша, коронавирустың ең жоғары деңгейі сәуір айының алғашқы онкүндігінде болжанады.
«Өкінішке қарай, бұл әрдайым бізге байланысты емес, яғни, біздің есептеуіміз бойынша, карантиндік шаралар аурудың таралуын шамамен 50% төмендетуге мүмкіндік берді. Сондықтан бұдан әрі шараларды қатаңдату қажет, карантиндік шараларды сақтау өте маңызды және күшейтуді одан әрі жалғастыруға болады, бұл фактор кеше, Президент айтқандай, инфекцияның таралу жылдамдығын төмендетуге мүмкіндік береді» деді Елжан Біртанов.