Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «Өскемен мен Семей қалаларындағы екі мейрамхана жұмыс уақытын шектеуге қатысты талаптарды орындамаған. Тәртіп сақшылары кәсіп иелеріне әкімшілік іс қозғап, сотқа жолдады. Наурыз мейрамында Өскемендегі караоке клубы өз жұмысын 22:00-ден кейін де жалғастыра берген. Оның иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабы (Төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, ЖШС аумағында дезинфекциялау жұмыстарын жүргізбеген заңды тұлға жауапқа тартылды» делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Шығыс Қазақстан облысы