Қаржы • 25 Наурыз, 2020

Қазақстан квазисекторлық субъектілердің валюталық түсімдерінің бір бөлігін сата бастайды

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық банктің хабарлауынша, бұл шара ұлттық валютаны тұрақтандыру мақсатында жасалды. 

Қазақстан квазисекторлық субъектілердің валюталық түсімдерінің бір бөлігін сата бастайды

«Үкімет экспортталатын шетел валютасының бір бөлігін ішкі валюта нарығында квазимемлекеттік сектор субъектілеріне сатуға шешім қабылдады» деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі. 

Ұлттық банк осыған дейін  қабылданған шаралар валюта бағамын тұрақтандыруға, валютаны ұсынуды қамтамасыз етуге, негізсіз құбылмалылықтың алдын алуға бағытталғанын және олар негізгі трендтің қалыптасуына кедергі жасамайтынын еске салды.

Бұған дейін біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаев валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыруды тапсырғанын жазғанбыз. Бұл тапсырма  квазимемлекеттік секторға өзінің экспорттық кірісінің бір бөлігін елдің валюта нарығында сатуды міндеттеді.