Қаржы • 27 Наурыз, 2020

Павлодарда 140-жоба «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша қаржыландырылмақ

146 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде қабылданған «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы өз ісін бастап, кәсібін кеңейтуді қалайтын тұрғындарға тиімді.

Павлодарда 140-жоба «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша қаржыландырылмақ

Тиімділігі, 5 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз қаржы алып, несиелердің пайыздық мөлшерлемесін 10 жылға дейін субсидиялай алады.   

Сонымен қатар, бағдарламасы барысында 60 миллион теңгеге дейінгі несиелер бойынша ғана субсидия қарастырылса, жаңа бағдарлама 180 миллион теңгеге дейінгі қарызға субсидия алуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша жеңілдетілген кредит беру бірінші кезекте өңдеуші өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік кешендегі кәсіпкерлер үшін қарастырылған.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Қарапайым заттар экономикасы»  аясында қаржыландыру 1 триллион теңгеге дейін арттырылды.

Ал, бизнеске қолдау «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және екінші деңгейлі банктер арқылы көрсетілетін болады.

Кәсіпкерлер несиелері бойынша субсидия және кепілдік ала алады.

Субсидиялау шеңберінде қарыз алушы үшін түпкілікті мөлшерлеме 6% – ды, ал қарыздың ең жоғары сомасы 10 млрд теңгені құрайды.

Инвестицияны субсидиялау мерзімі 10 жылды, ал айналым қаражатын толықтыру мерзімі 3 жылды құрайды. Егер кепілдік беру туралы айтатын болсақ, кепілдік мерзімі несие мерзімінен аспауы тиіс.

Қазір өңірде құны 38,9 млрд теңге тұратын 141 жоба бар.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Әнел Жампейісованың айтуынша, кәсіпкерлерге бизнес-жоспар жазу, декларация тапсыру, басқа да құқықтық, қаржылық құжаттарды толтыруда жан-жақты қолдау көрсетіледі.

Әрі  «Бизнес-Мектеп», «Бизнес-Өсу», «Іскерлік байланыстар» және «Аға сеньорлар» жобалары арқылы бизнестің негізін үйреніп, шетелде тегін тағылымдамадан өте алады.

Кәсіпкерлер «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша 5 миллион теңгеге дейін мемлекеттік грантты үлестіру конкурсына қатысуға шақырды.

ПАВЛОДАР