Қоғам • 27 Наурыз, 2020

Тəртіп сақшылары жатақханаға орналастырылды

18 реткөрсетілді

700-ге жуық полиция қызметкері карантин кезеңінде Алматы қаласының жатақханаларына орналастырылды. Бұл туралы тиісті ведомствоның ресми сайтында хабарланды.

Карантиндік режимге байланысты вирус таралмас үшін қаладан тыс жерде тұратын Полиция департаментінің қызметкерлері уақытша жатақханаларға жайғасады.

«Біздің қаламыз карантин режимінде болғандықтан, кез келген тұрғын жұқпалы аурудың қоздырғышы бола алады. Төтенше жағдайда құқық қорғау жүйесінің жұмысы күшейіп, полиция қызметкерлерінің халықпен байланысы – жұмыстың ажырамас бөлігі болып табылады. Полиция жұмысының ерекшелігіне байланысты қаланың сыртында тұратын тәртіп сақшыларын уақытша тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды. Мемлекет есебінен біздің қызметкерлерге барлық жағдай жасалды. Карантин кезінде Алматының барлық полиция қызметкерлері казармалық режимде – қалада болады», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Абдуали Нашарбеков.

Тәртіп сақшылары тұратын жатақханаларда тұрмысқа қажеттінің бәрі бар. Полицейлердің пікірін тыңдап көруге болады.

«Үйде үш балам, әйелім және анам қалды. Әрине, біз сағынамыз. Бірақ бұл – қызмет. Туысқандар алдындағы жауапкершілік бар, өзімізге жүктелген міндеттер бар, бәрін түсінеміз. Тұрғын үй жағдайлары туралы шағым жоқ, бәрі бар деуге болады. Қажет болған кезде казармада, шатырлы лагерьлерде де тұрамыз, ең бастысы – еліміз тыныш болса, азаматтарымызға қауіп төнбесе болды», – дейді Метрополитендегі Полиция басқармасының қызметкері Қуат Байшуақов.

Соңғы жаңалықтар

Жұма: Алматыда 28 індет ошағы карантинде тұр

Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 18:55

Алматыда зертханалар саны артады

Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 17:10

Ұқсас жаңалықтар