27 Тамыз, 2013

«Трами» дауылы Қытайды әлекке салды (ФОТО)

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тайфун-Трами-1

Соңғы бірнеше күннен бері Қытайдың оңтүстік-шығыс аймағын қыспаққа алып тұрған «Трами» дауылынан жарты миллионға жуық адам зардап шекті. Бұл туралы «РИА «Новости» агенттігі хабарлады.

Тайфунның салдарынан Хунань провинциясында 150-ге жуық үй қирап, 2 мыңнан астам гектар егіс алқабы су астында қалған. Сондай-ақ, Гуанси-Чжуан автономиялық аймағында да осы іспеттес жағдай орын алған. Ал адам шығынына келсек, дауылдан бір тұрғын өлген. Жылдамдығы секундына 45 метрге жеткен «Трами» тайфуны Қытайға 1 млрд. юань (163 млн. доллар) шығын әкелген.

Жолдыбай Базаров.

Тайфун-Трами-3

Тайфун-Трами-4