27 Тамыз, 2013

Эстонияда көп кездесетін фамилияларға шектеу қойылды

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Эстонский паспорт-1

Эстонияда арнайы рұқсатсыз пайдалануға болмайтын фамилиялардың жаңа тізімі жарияланды. Бұл тізімді Эстонияның аймақ істері жөніндегі министрі Сийм-Валмар Кийслер бекіткен. Бұл туралы «РБК» ру сайты хабарлады.

Аталған «қара тізімге» 222 фамилия енген. Бұлардың ішінде Иванов, Петров, Сидоров, Гаврилов, Смирнов, Степанов секілді көптеген фамилиялар кездеседі.

Тыйым салынған фамилиялардың арасында эстондарға да, орыстарға да тән атаулар бар. Министрдің шешімімен сондай-ақ Ковалев/Ковалева, Вийра сынды фамилиялар тізімнен шығарылған.

Эстония бұл қадамға баруын кейбір фамилиялардың тым жиілеп кеткенімен түсіндіреді.

Жалпы, Эстонияда рұқсатсыз қолдануға болмайтын фамилиялар тізімі 2010 жылы бекітілген болатын.

Жолдыбай Базаров.

 

Бішкекте Өзбекстан елшісі