27 Тамыз, 2013

Бішкекте Өзбекстан елшісі қоқан-лоққы жасады

435 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тайота Прадо-1

Өткен жұмада Бішкектегі Мәскеу - Раззақов атындағы көшелердің қиылысы маңында тұрған «ВАЗ 2106» көлігіне «Тойота Прадо» мәшинесі келіп соғып, жол-көлік оқиғасы орын алды. «Тойота Прадоны» Өзбекстанның Қырғызстандағы елшісі Камил Рашидов мас күйінде жүргізген болып шықты. Өзі кінәлі бола тұра ол сол сәтте «ВАЗ 2106» автокөлігінің иесін ұрып-соғып, балағаттаған. Бұл туралы «Вечерний Бишкек» газеті хабарлады.

Бір әріптесінің туған күнін атап өтіп шыққан Камил Рашидов құқық қорғау орындарының қызметкерлеріне де мойынсынғысы келмеген. Тіпті, мәшине ішінде болған дипломаттардың бірінің әйелі милиция қызметкеріне қарсы мінез көрсеткен.

Бір айта кетерлігі, оқиға орнына кейіннен келген Өзбекстан елшілігінің жүргізушісі Әбдуәли деген азамат жол-көлік оқиғасына қатысты кінәлі деп танылып, оның үстінен заңдық құжаттар толтырылды.

Қазіргі кезде құқық қорғау орындарының қызметкерлері аталған іске байланысты тексеру жұмыстарын жүргізуде. Ал Өзбекстан елшілігі бұл оқиғаға қатысты ешқандай мәлімдеме жасамай отыр.

Жолдыбай Базаров.