Коронавирус • 28 Наурыз, 2020

«Көп адам жұқтырса ғана індет азаяды»: Баранова біліп айта ма?..

5765 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұндай пікірді басқа емес, биолог маман айтып отыр деп хабарлайды egemen.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

«Көп адам жұқтырса ғана індет азаяды»: Баранова біліп айта ма?..

Биология ғылымдарының докторы, GMU Жүйелі биология мектебінің (АҚШ) профессоры Анча Баранованың айтуынша, алдымен індет жұқтырғандардың саны ең жоғарғы көрсеткішке жетуі керек, содан соң ол шамамен 10 күнге созылатын үстіртке түседі де, кейін жұқтырғандар саны біртіндеп азая бастайтын көрінеді. Алайда індетпен күресуші карантин шарттарын сақтауы қажет.

Биолог маманның сөзіне сенсек, АҚШ-та вирус жұқтырғандардың саны тіпті шыңға жетпей жатып Италияда үстірт кезеңі басталып кеткен екен.

«Қазір бізде жоғарылау кезеңі, яғни ауруға шалдыққандар саны күн сайын өсіп жатыр. Үстірт – бұл кезең індет жұқтырғандар көрсеткіші бәсеңдеген кезең. Біз біраз уақыт үстірт кезеңінде боламыз, содан кейін індет азая бастайды»,– дейді Анча Баранова.