Аймақтар • 30 Наурыз, 2020

Павлодар облысында тұңғыш рет шахматтан онлайн турнир өтті

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Екібастұз chess arena» жарысы кеншілер қаласының шахматшылары арасында өткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысында тұңғыш рет шахматтан онлайн турнир өтті

Екібастұз қалалық спорт бөлімінің басшысы Асылбек Резуанов хабарлағандай, онлайн-жарысқа барлығы 21 спортшы қатысты.

- Төтенше жағдай режимінде контактсіз қандай жарыс өткізе алатынымызды зерделедік, - деді Асылбек Резуанов. – Бірінші кезекте шахматтан онлайн-турнир өткізуге бел будық. Жарысқа кез келген адам қатысуға мүмкіндік алды. Әлеуметтік желілер арқылы қалалықтарды турнир өтетіні туралы алдын ала хабардар еттік. Нәтижесінде жарыс жақсы деңгейде өтті.

Турнирде ерлер арасында Әділ Ткачев жеңімпаз атанды. Екінші орынды Ғалымхан Баширов, ал үшінші орынды Никита Гаврилюк иемденді. Әйелдер арасында Гүлнар Балақанова үздік шықты. Үздік үштікке Индира Шәкенова мен Мария Анисимова да енді.

Асылбек Резуановтың айтуынша, жүлдегерлерге ақшалай сыйақыны банк карталарына аудару жайы ойластыруда.

Оған қоса, қалалық спорт бөлімі жақын арада кір көтеру спорты және бес асық ұлттық спортынан онлайн-жарыс ұйымдастырмақ. Оған жас ерекшеліктеріне қарай бірнеше категориядағы спортшылар қатыса алады.