Аймақтар • 31 Наурыз, 2020

Тұңғыш рет «3.2.1. Старт!» байқауы онлайн режимде мәреге жетті

280 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Қазақстанда тұңғыш рет онлайн режимінде жастар бастамаларын қолдау байқауының финалы аяқталды. Осылайша «3.2.1. Старт!» Республикалық байқауы мәреге жетті. Елдегі қазіргі жағдайды ескере отырып «3.2.1. Старт!» жобасының ұйымдастырушылары алғаш рет финалды онлайн режимінде ұйымдастыруға шешім қабылдады.

Тұңғыш рет «3.2.1. Старт!» байқауы онлайн режимде мәреге жетті

- Бірнеше апта бұрын біз Алматыдағы кеңсемізде жобаның барлық финалистері үшін өзіндік инкубациялық бағдарлама болып табылатын буткэмп ұйымдастырдық. Оның барысында финалистеріміз маркетинг, PR, жобаларды басқару, қаржы және т.б. салаларда жаңа білім алуға мүмкіндік алды. Бірақ, пандемия жоспарларымызды шатастырды, сондықтан біз шұғыл шара қолданып, барлық қатысушыларымызды үйге жіберген дұрыс деп шештік. Біз финалды не істейміз деп ұзақ ойланып, оны онлайн режимінде өткіземіз деп шештік, – деді Coca-Cola Içecek Kazakshtan компаниясының Корпоративтік және реттеу қатынастары жөніндегі директоры Алима Исембаева,.

Еске сала кетейік, жоба ұйымдастырушылары 18-35 жас аралығындағы жастардан 100-ден астам түрлі өтінімдер қабылдады. Финалға 10 идея іріктеліп, олардың авторлары қазылар алқасына өз жобаларын ұсынды. Қазылар алқасына БҰҰ Тұрақты дамудың жаһандық мақсаттарын (бұдан әрі –ТДМ)жүзеге асыру бойынша сарапшылар, эко-белсенділер және жобаның серіктестерішақырылды. Жобаның төртінші маусымының финалисттері қаланың көшелерін, аулаларын және аудандарын пластикқоқыстардан тазартудың инновациялық шешімдерін; бір аула аясында қалдықтарды сұрыптауды; қалдықтарды бөлек жинауға арналған эко-қораптар шығаруды; пластикті гүлзарларға айналдыру және т.б. ұсынды. «3.2.1. Старт!»жобасының төртінші маусымының жеңімпаздары:

Мәселен, Eco-Car жобасының авторы Қайыржан Айсин  Петропавл қаласының тұрғындары арасында қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Қайыржанның командасы қала тұрғындарына үйдегі қоқысты қалай дұрыс сұрыптау керектігін үйретеді, ал сұрыпталған қалдықтарды олар қала тұрғындарының пәтерлерінен өздері алып кететін болады. Қайыржанның өзі атап өткендей: «Кейбір адамдар қоқыстыпәтерден шығаруға ерінеді, оны басқа біреудің шығарғанын жөн көреді, ал біздің идеямыз олар үшін өте жақсы шешім болмақ– біз олардың қалдықтарын тегін жинап, сұрыптап, қайталама шикізат жинау орындарына тапсырамыз да осылайша кіріс табамыз».

Қазақстандағы әйгілі эко-белсенді Пәкизат Саулабекова «3.2.1. Старт!» жобасының жеңімпаздары қатарына кірген келесі. Ол «RecycleBirge» жобасы мүшелерінің бірі және елдегі көптеген экологиялық жобаларды сәтті жүзеге асырушы. Пәкизат жобасының негізгі идеясы – бұқаралық шараларды экологияландыру: «Біздің көздегеніміз – үлкен бұқаралық шаралардан (фестивальдан, концерттерден) кейін қалатын қалдықтарды жинап, артынша қайта өңдеуге өткізуде көмектесетін еріктілерді тарту. Сондай-ақ, біз осы іс-шараларға келетін барлық келушілер үшін өте түсінікті және қарапайым нұсқаулық әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Онда қоқыстарды қалай және не үшін бөлек жинау керектігі және бұдан қала экологиясына қандай пайда болатыны туралы ақпарат көрсетіледі».

Жобаның тағы бір жеңімпазы – Хамида Токумова қазақстандықтар үшін ақпараттық білім беретін эко-бағдарлама жасады. Хамида ақпарат берудің түрлі тәсілдері, яғни теледидар, БАҚ, әлеуметтік желілер, баспасөз құралдарын, билбордтар, көрмелер арқылы азаматтардың бойында эко-мәдениетті қалыптастырмақшы, өнердің көмегімен табиғатты аялау қажеттілігі туралы маңызды экологиялық хабарды халыққа жеткізбекші. Оның мақсаты – қоқысөңдеу саласын дәріптеп, қоқысты бөлек жинау үрдісін насихаттау. «Мен осы жобаны жүзеге асырғым келеді, өйткені мен қоршаған ортаның ластануынан туындайтын проблемалардың негізгі себебі экологиялық мәдениет пен білімнің жоқтығы деп санаймын», дейді эко-активист және жобаның төртінші маусымның жеңімпазы Хамида Токумава.

«3.2.1 Старт!» байқауын қаржыландырудыжобаның басты ұйымдастырушысы CCI Kazakhstanкомпаниясы толықтай өз мойнына алды. Сонымен қатар, ол барлық жеңімпаздарға жалпы көлемі 4 миллион теңгені құрайтын гранттар беретін болды.

Онлайн-финал барысында әділ қазылар конкурстың ұйымдастырылуын және алдағы уақытта тұрақты кәсіпорынға айналатын жобалардың деңгейін жоғары бағалады.Жобаның тағы бір артықшылығы – қатысушыларөздерінің эко-идеяларын жүзеге асыру үшін ақшалай гранттар алып қана қоймай, өз жобаларын дамытуға ғана емес, сондай-ақтұлға ретінде өсу үшін де пайдалы болатын жаңа дағдылар мен білім беретін ерекше тренингтік бағдарламалардан өтеді.

- Біздің жас буын елдің дамуына өз үлестерін қосуға соншалықты қызығушылық танытқаны мені өте қуантады. Маған CCI Kazakhstan компаниясы енгізген финалдың онлайн-форматы қатты ұнады. Біз барлық финалистермен конференциялық қоңыраулар арқылы байланысып, олар өз жобаларын үйден шықпай-ақ ұсынды. Осылайша, компания өзінің жұмысшылары мен серіктестерінің ғана емес, сонымен бірге жоба қатысушыларының да денсаулығына деген қамқорлық көрсетті, – дейді «Жасыл экономика және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ басқарма төрағасы Салтанат Рахымбекова.

Айта кету керек, жобаның ұйымдастырушылары мен тәлімгерлер төртінші маусымның жеңімпаздарын өзқанатының астынаалуын жалғастыра бермек. Олар жастарға бизнес-идеяларын жүзеге асырудың барлық кезеңінде кеңес беріп отырады.

- Төрт маусым бойы біз осы жобаны сәтті жүзеге асырып келеміз және әрдайым біздің жастарымыздың қаншалықты тапқыр және талантты екендігіне таң қаламыз. Бүгін олар жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыруда. Мен жобаның барлық қатысушыларына әлемді жақсырақ, таза және қауіпсіз еткісі келгендері үшін алғыс айтамын, - дейді Исембаева ханым.

Шынында да, жоба төрт жылдың ішінде көптеген талантты жастарға өздерінің экологиялық идеяларын дамытуға көмектесті, және бүгінде жобаның алдыңғы кезеңдерінің түлектері мен жеңімпаздары еліміздің жетекші эко-кәсіпкерлері мен эко-белсенділерінің қатарында.

Coca-Cola Içecek Kazakshtan компаниясы өкілдерінің айтуынша, мұндай шаралар жоба қатысушыларын қорғау үшін қолданылды.

 

АЛМАТЫ