Аймақтар • 31 Наурыз, 2020

Шымкентте тәулігіне 100 мыңнан астам медициналық бетперде тігілуде

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай кезінде медициналық бетперде тапшылығын болдырмау үшін Шымкент қаласында мемлекеттік мекемелер мен халық көп шоғырланатын нысандарға 285 мың дана медициналық бетперде таратылды. Аталған бетперделердің артықшылығы көп рет қолдануға жарайды.  

Шымкентте тәулігіне 100 мыңнан астам медициналық бетперде тігілуде

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы төтенше жағдай штабының өкілі Қанат Жүнісбеков мәлімдеді.

 

Бұл бетперделердің барлығы Шымкент қаласындағы жергілікті кәсіпорындарда тігілген. Мұнан бөлек қала аумағындағы дәріханаларға жергілікті жерде өндірілген 185 мың дана бетперде түсті. Тиісті органдар бетперде бағасының негізсіз қымбаттамауын қадағалап отыр. 

 

Бетпердемен қамтамасыз ету үшін жергілікті кәсіпкерлермен бірге күніне 100 мыңнан астам медициналық бетперделер тігіліп, қала аумағындағы дәріханалар мен базарларға жеткізілуде. 

 

Бетперделер шығаратын кәсіпорындар («Гаухар», «Azala Тextile», «АГФ групп» ЖШС-і, «ALATEX» жеңіл өнеркәсіп орындары)қуаттылығын және антисептиктер мен басқа да дизинфекциялықзаттар шығаратын өнімдерінің көлемін арттыру шаралары қабылданды. Бүгінгі таңда бетперделердің бағасы 150-200 теңге көлемінде сатылуда. Бұл баға бетпердеге кететін материалдар мен басқа да шығындарды есептегенде шығатын құны. 

 

Қаладағы «Mega Pharma» ЖШС 20 000 мыңға жуық бетперде мен балаларға арналған 600 аскорбинді қышқыл дәруменін таратты. Бетперделер шаһарда адам көп шоғырланған орындарда, атап айтқанда, Арбат демалыс орны, «Жаңа шаһар» базары, «Север» сауда үйі, Қайнарбұлақ және Сайрам елдімекендерінде таратылды.