Әлем • 31 Наурыз, 2020

Бельгияда 12 жасар қыз коронавирустан қайтыс болды

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бельгия Корольдігінің COVID-19 күрес жөніндегі үкімет өкілі Эммануэль Андрэ 12 жасар қыздың коронавирус инфекциясынан қайтыс болғаны туралы хабарлады. 

Бельгияда 12 жасар қыз коронавирустан қайтыс болды

«Бұл эмоционалдық тұрғыда өте қиын жағдай, себебі ол балаларға да, медицина мен ғылыми қоғамға да кері әсер етіп отыр», деді Андрэ.

Бельгияда бұған дейін вирустан бала өлімі тіркелмеген. Бірнеше күн бұрын көз жұмған Лимбургтық 30 жастағы медбике елдегі ең жас құрбан саналып келді. Бельгиялық қыз Еуропадағы коронавирустың ең жас құрбаны болып отыр. Бұған дейін Францияда 16 жасар қыз бен 14 жасар португалиялық жасөспірім коронавирустан қайтыс болған еді.

«Бүгінде ауруханада, интенсивті терапия бөлімдерінде қауіпті топқа жататын адамдардан да жас науқастар жатыр», деп атап өтті Эммануэль Андрэ.

Соңғы мәлімет бойынша, Бельгияда коронавирустан 705 адам қайтыс болған. Елде барлығы 12 775 адам вирус жұқтырған. 1696 адам жазылып шықты.