«Індетті алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шараларға 2 мыңнан астам еріктілер жұмылдырылуда. Олардың көмегімен 240 құқық бұзушылық анықталды. Коронавирус инфекциясының ошақтарын оқшаулау үшін карантиндік аймақтарда арнайы шаралар қабылданып жатыр. Қазіргі уақытта 31 нысан қоршауға алынған. Олардың арасында тұрғын үйлер, жеке кіреберістер, жатақханалар бар» деді ол.
Министр қазір азаматтардың денсаулығы мен өмірін қорғау үшін алдыңғы шепте жүрген – дәрігерлер, полицейлер және әскерилер екенін айтты.
«Шектеу мен карантин жариялау - вирустың жаппай таралмауы үшін жасалған қадам. Қазір азаматтардың денсаулығы мен өмірін қорғау үшін алдыңғы шепте жүрген – дәрігерлер, полицейлер және әскерилер. Бәріміз бір-бірімізді қолдап, әлемге төнген қауіппен бірге күресуіміз қажет» деді Е.Тұрғымбаев.