Аймақтар • 01 Сәуір, 2020

Жамбыл облысында жалған ақпарат таратқан адам ұсталды

728 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын ұсталды. Ол әлеуметтік желілер арқылы «Дүйсенбіден бастап Шу ресми түрде карантинге жабылады» деген жалған ақпарат жариялаған.

Жамбыл облысында жалған ақпарат таратқан адам ұсталды

Аталған дерек бойынша Шу аудандық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде ағымдағы жылғы 30 наурыз күні жалған ақпарат таратқан 34 жастағы Шу қаласының тұрғыны анықталды. Жамбыл облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, ұсталған азаматша жоғарыда аталған мәліметті әлеуметтік желілерде жариялап, қателік жасағанын мойындаған.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен (төтенше жағдай кезінде, көрінеу жалған ақпарат тарату) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл бап бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сондықтан да Жамбыл облысының Полиция департаменті тұрғындардан тек ресми ақпараттарға ғана сенуді сұрайды.

 

Жамбыл облысы