«Қашықтықтан білім алу үшін оқушылар телекоммуникациялық желілерге шығатын жабдықтармен қамтамасыз етілуі қажет (Интернет, спутниктік теледидар). Бірақ, еліміздің 4000-ға жуық ауылдық елді мекені жоғарғы жылдамдықты Интернетпен қамтамасыз етілмеген. «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілерінің технологиясы бойынша кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету» жобасы аясында 1250 ауылдық елді мекенді Интернет байланысымен қамтамасыз ету әлі аяқталмаған. Кейбір аймақтарда Интернет жылдамдығы төмен және бұл қашықтықтан білім алуға кедергі тудырып отыр (Интернетке қосылудың ұзақтығы, байланыстың үзілуі және т.б.). Оның үстіне, үлкен жүктемеге байланысты еліміздің телекоммуникациялық жүйесінің жұмысында кідіріс пайда болуы мүмкін. Бұдан бөлек балалардың қашықтықтан оқуын қамтамасыз ету үшін көптеген отбасыларында компьютер немесе ноутбук жоқ. Екі және одан да көп балалары оқитын отбасыларына бірнеше компьютерлер немесе ноутбуктер қажет. Алайда, оларды барлық ата-аналар сатып ала алмайды. Сонымен қатар, тұрғындардың барлығы қажетті телеарналарға қосылмаған және оларда бірнеше теледидар жоқ. Сондай-ақ, көптеген отбасылары балаларының қашықтықтан білім алуы үшін жағдай жасалмаған жалдамалы пәтерлерде немесе тұрғын алаңы кішкентай тұрғын үйлерде (пәтерлерде) тұрып жатыр. Жоғарыда баяндалғанның негізінде Сізден қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және ауылдық елді мекендерді жоғарғы жылдамдықты Интернетпен қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдауды сұраймын» делінген депутаттық сауалда.
Бүгін Парламент Мәжілісінің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов «Egemen Qazaqstan» газетінің кешегі, яғни 31 наурыздағы нөмірінде жарияланған, журналист Азамат Қасымның «Қашықтан оқыту қашықтағы ауылдарға қиын тиіп тұр» мақаласы бойынша Премьер-Министр Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады.
Байсерке ауылында көпсалалы аурухана салынады
Аймақтар • Бүгін, 17:45
Алматыда «Муфаса. Арыстан патша» анимациялық фильмінің тұсаукесері өтеді
Кино • Бүгін, 17:30
Қамшы туралы тарихи мәліметтер топтастырылған кітап жарық көрді
Тарих • Бүгін, 17:15
Халықаралық форумда ғылымды дамыту мәселелері талқыланды
Ғылым • Бүгін, 17:00
Қазақстанда 755 волонтерлік ұйым жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 16:45
Алматы облысына 780 млрд теңге инвестиция тартылды
Аймақтар • Бүгін, 16:30