Коронавирус • 02 Сәуір, 2020

Әлемдегі ахуалға шолу: Испанияда 10 мыңнан астам адам қайтыс болды

464 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл топтамада әлемнің 180 елінде тараған Covid-19 вирусына қатысты соңғы жаңалықтарды жариялап отырамыз.

2 сәуірде Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны - 951 901, өлім саны - 48 284, айыққандар саны - 202 342 адам болды (жаңартылған уақыты 17:41).

17:30

Испанияда 10 мыңнан астам адам қайтыс болды

Испанияда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 10 мыңнан асты, бір күнде 950 адам өлімі тіркелді.  Бұл - Испания үшін жаңа рекорд.

Елде жағдай тұрақтанып келеді деп айтқанымен, Испанияда вирус жұқтырғандар мен көз жұмғандар саны артып келеді.

Дегенмен наурыз айының бірінші жартысымен салыстырғанда вирустың таралуы 8 пайызға азайған.

Испания Еуропадағы Италиядан (110,574 жағдай) кейінгі вирус көп тараған аймақ. Бірақ екі ел арасында індет жұқтырғандар санында аса айырмашылық жоқ. Қос мемлекеттің көрсеткіші шамалас. 

Испанияда 110 238 адам коронавирус жұқтырған. 26 743 науқас дерттен сауыққан. 


 15:43

Әзербайжанда карантиндегілерді электронды құралдар арқылы бақылайды

Әзербайжан Республикасында полиция жасағы COVID-19 коронавирус пандемиясына байланысты карантин жағдайында әр азаматтың қозғалысын электронды құралдар арқылы қадағалайтын болады.

Аталған шараларға сәйкес, үйден шығуға ниетті азамат тиісті нөмірге қоңырау шалып немесе хабарлама жіберіп, сыртқа шығуының себебін түсіндіруі тиіс.

Елде 400 жағдай тіркелген, 5 адам қайтыс болған, ал  26-сы сауығып кеткен.

ы


15:01

Ресейде бір күнде 771 жағдай тіркелді 

Ресей Федерациясында бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 771 адам тіркелді. 

Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 28% артық.

Жалпы COVID-2019 вирусын жұқтырғандар саны — 3548 адам.


13:07

Өзбекстанда 9 науқас анықталды

Өзбекстанда COVID-2019 вирусын жұқтырған тағы 9 адам тіркелді.

Жалпы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны ‒ 190.


11:18

Әлемде вирус жұқтырғандар саны миллионға жуықтады

Дүниежүзі бойынша 937 567 адам коронавирус жұқтырған. Вирус ең көп таралған ел АҚШ болып тұр, елде 216 515 жағдай тіркелген. Дегенмен қайтыс болған адам саны жағынан Италия алда, 110 574  науқастың 13 155-і көз жұмған.

⚡АҚШ - 216 515 жағдай, 5 138 өлім 

⚡Италия - 110 574 жағдай, 13,155 өлім 

⚡Испания - 104 118 жағдай, 9,387 өлім 

⚡Қытай - 82 394 жағдай, 3,316 өлім 

⚡Германия - 77 981жағдай, 931 өлім 

f


10:27

Әлемдегі жағдай қысқаша:

• Испанияда 100 мыңнан астам адам вирус жұқтырды

• COVID-19 туралы тегін онлайн-курс басталды

• Өзбекстанда вирус жұқтырғандар саны 181-ге жетті

• Мексикаға демалысқа барған 28 студент вирус жұқтырған

•Бельгияда 12 жасар қыз Ұлыбританияда 13 жасар ұл коронавирустан қайтыс болды

• БҰҰ Бас хатшысы: Бұл - қазіргі қоғам үшін сыни кезең

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше