Аймақтар • 02 Сәуір, 2020

Қарағанды облысында «Жедел әрекет ету орталығы» құрылды

172 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында төтенше жағдай және карантин кезіндегі өңірдің жағдайы туралы барлық ақпарат тоғыстырылатын «Жедел әрекет ету орталығы» (ЖӘЕО) құрылды. Облыс басшылығының айтуынша, жаңа құрылым аймақтықжедел штабтың негізгі шешім қабылдау орталығы болады екен.

Қарағанды облысында «Жедел әрекет ету орталығы» құрылды

«Жедел әрекет ету орталығының жұмысынабарлық жұмылдырылған құрылымдар мен қызметтердің, атап айтқанда, полиция, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік (СЭҚ), әскери, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық басқармалар мен департаменттердің қызметкерлері ат салысатын болады. Орталыққа облыста болып жатқан барлық ақпарат келіп түседі. Жұмыс тәртібі – 24/7. Келіп түскен ақпарат одан әрі іс-қимыл бойынша ұсыныстарды талдау және әзірлеу үшін өте маңызды болады. Яғни, туындаған мәселелерді барлық қызметтердің қатысуымен шешу тездетіледі», деп жазды өзінің Facebook-тегі парақшасында облыс әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров.

Орталықтың жұмысы санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік және дезинфекция, азық-түлік қауіпсіздігі мен тіршілікті қамтамасыз ету (ТКШ, энергетика), санитарлық блок-бекеттердің іс-қимылын үйлестіру және басқа да бірқатар бағыттар бойынша жүргізіледі.

Senim 109 қызметі ЖӘЕО-ның жедел қолдау желісі болады. Тұрғындар бұл желіге өздерінің барлық мәселелерін айтып, қызметіне жүгіне алады.

«Барлық қызметтер бірқатар шектеулер жағдайында облыстың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге жұмылдырылатын болады. Басты міндет – коронавирустың кең таралуына жол бермеу, сондай-ақ облыс экономикасына және тұрғындардың әл-ауқатына теріс әсерлердің тиюін азайту», деп атап өтті Әлішер Әбдіқадыров.

Сонымен қатар, ол карантин жарияланғанаймақтардағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін тұрғындардың тізімі Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск және Абай қалалары әкімдіктерініңкөмегімен жасалғанын жеткізді. Бүгіннен бастап бұл қалада тұратын азаматтар жұмысына бару үшін бақылау бекеттері арқылы өтетін болады.