Ресей Федерациясының Волгоград облысында қазақтар мен шешендер арасында жүзден астам адамның қатысуымен болғалы тұрған жаппай төбелесінің алды алынды. Бұл туралы «Курсив» газеті жазды.
Облыстық ішкі істер мемлекеттік басқармасына Палласовка қаласы жанына төбелесу үшін жүзден астам қазақтар мен шешендердің жиналып жатқаны туралы хабар жетті. Осының нәтижесінде қақтығыстың алдын алудың реті келді. Оны ұйымдастырушы төрт адам ұсталды. Оқиға болған жерге губернатор мен аймақтық үкімет басшылығының өкілдері келді.
Шиеленіске 12 тамыз күні болған жол-көлік оқиғасы себепкерлік еткен екен. ВАЗ-2106 көлігін мас күйінде айдаған қазақ жігіті жолдың жигені қойылған шешен оғланының Volkswagen Golf көлігіне барып соғады. Полицейлер қазаққа әкімшілік хаттамасын толтырып жібереді. Ал жол-көлік оқиғасына қатыстары бар екеу бір-бірімен ұрсысып тарайды.
Арада он күн өткеннен кейін шешен жігітінің туыстары қазақ баласының үйіне келіп, келтірген шығынын өтеуді талап етеді. Сол кезде арада төбелес басталып кетеді. Соңынан бұл ұрысқа қатысушылар қандастарын жинай бастайды.
Сұлтан Бозайғыр.