Қоғам • 03 Сәуір, 2020

Желіде жалған ақпарат таратқандар жазаланады – Дәурен Абаев

586 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев елде жалған ақпарат таратушылардың көбейгенін айтты.

Желіде жалған ақпарат таратқандар жазаланады – Дәурен Абаев

«Қазір, өкінішке қарай, әлеуметтік желілерде елдегі коронавирус инфекциясына қатысты жалған ақпараттар көбейіп кетті. Күн сайын адамдар түрлі ескі және өзге елдердегі видеоларды жариялауда. Неше түрлі жалған аудиожазбалар тарап жатыр. Қоғамда мұндай дүрбелең туғызбауымыз керек. Сондықтан тағы да тек ресми деректерге сенулеріңізді сұраймыз», деді Дәурен Абаев.

Министрдің айтуынша, бүгінгі күні жалған ақпарат таратып, елді дүрліктірген 41 оқиға тіркелген.

«Қазір барлық жергілікті полиция департаменттерінде осындай олқылықтарды анықтау үшін арнайы топ жұмыс істеп жатыр. Соңғы мәліметке сәйкес, 41 сотқа дейінгі тергеу фактісі тіркелді. Барлық кінәлілер анықталып, жазасын өтейді», деді министр.