Қоғам • Бүгін, 15:43

Ұлттық кітапханада Жолтай Әлмашұлының жаңа кітаптары таныстырылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық академиялық кіткпханада жазушы, драматург Жолтай Әлмашұлының «Олигарх қазақ», «Көктүрік сарыны» және «Клятва любви» атты жаңа кітаптарының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Ұлттық кітапханада Жолтай Әлмашұлының жаңа кітаптары таныстырылды

Кеш барысында қаламгер шығармашылығының идеясы мен әдеби кеңістіктегі орны сөз болды.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, жазушылар, әдебиеттанушылар мен оқырмандар қатысты.

Кездесуде қаламгер туындылардың жазылу тарихы мен идеялық бағыты туралы айтып берді.

Т

Жазушыға Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хаты табысталды.

Жиынға қатысушылар автор шығармашылығының ерекшеліктеріне тоқталып, туындыларға қатысты ой-пікірін білдірді.

Соңғы жаңалықтар