«Елімізде оқушылар үшін төртінші тоқсан басталды. Бұл тоқсан өте ерекше. Себебі, қашықтан оқыту форматы бойынша алғаш рет оқуды бастап отырмыз. Қысқа мерзім ішінде дайындықты жүргізген болатынбыз. Білім саласы үшін бұл үлкен емтихан, емтихан ғана емес, үлкен мүмкіндік деп айтқым келеді. Осы тәжірибеден кейін білім саласы өзгеретіні айдан анық. Әрине, қысқа мерзім ішінде ұстаздар жаңа құзыреттер алып, қашықтан оқу форматына бейімделді. Жалпы, үлкен жұмыс жүргізілді» деді А.Аймағамбетов.
Сондай-ақ ол бүгін 3.2 млн оқушы оқуын бастағанын айтты.
«Бірінші күннің негізгі қорытындысына тоқталғым келеді. Оңай болмаса да, қашықтан оқу форматына толық көшіп, бастадық. 3.2 млн оқушы әр-түрлі бағыт бойынша оқуын бастады. Олар әртүрлі бағыт бойынша оқуын бастады. Кейбірі интернет желісі бойынша арнайы дайындалған интернет бағдарламасының негізінде оқуын бастаса. Басқа көп оқушылар теледидар арқылы оқуларын бастап отыр» деді ол.