«Балалар Daryn online қосымшасына тіркеліп, тиісті білім алуда. Онда оқушыларға арнайы дайындалған видео сабақтар бар. Олар сол видео сабақтағы тапсырмаларды орындап, пән бойынша сұрақтарға жауап береді. Егер дұрыс жауап берілмесе, онда қайтадан видеоны қарап қателіктермен жұмыс істеуге мүмкіндік болады. Одан кейін мұғалім берген тапсырмалармен жұмыс істейді. Осындай платформамен бүгін нақты 300 мыңға жуық бала тіркеліп, жұмыс істеді», деді Асхат Аймағамбетов.
Сондай-ақ ол Bilim land платформасының жұмысы жайында айтты.
«Bilim land - ұстаздар мен оқушыларға арналған танымал платформалардың бірі. Ол арқылы бүгін 400 мыңнан астам оқушы жұмыс істеді. Бұл платформаның жұмысы да өте қызық. «Ел арна», «Балапан» телеарналарынан көрсетіліп жатқан барлық сабақтарды қарап, сол сабақ бойынша оқу жоспарының шеңберінде тиісті сұрақтар беріледі. Сондай-ақ онда түрлі тапсырмалар бар. Қажет болған жағдайда мұғалімдер қосымша тағы өздерінің тапсырмаларын бере алады», деді министр.