Науқас 5 сәуір күні ЖРВИ белгілерімен провизорлық стационарға жатқызылған. Коронавирустық инфекцияға зертханалық зерттеу қорытындысы оң нәтиже көрсеткен. Науқаспен байланыста болған барлық адамдар карантиндік стационарға орналастырылған. Бүгінде олардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымдары жоқ. Сондай-ақ, мекен-жайы және орналасқан жері бойынша дезинфекциялық өңдеу шаралары жүргізілген.
Жамбыл облысы әкімдігінің хабарлауынша, қалған 6 дерек Қордай ауданынан тіркелген. Індетті жұқтырғандар Қордай ауданының 1958, 1963, 1968, 1971, 1988 және 2001 жылы туған тұрғындары болып шықты. Бүгінгі таңда науқастармен байланыста болған адамдарды анықтау, оларды карантиндік стационарға орналастыру, зертханалық зерттеу үшін талдаулар алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, санитарлық-эпидемиялық қызметі олардың тұратын және барған жерлері бойынша дезинфекциялық өңдеу шараларын жүргізуде.
Жамбыл облысы