Қазақстан • 07 Сәуір, 2020

Бүгінге дейін 389 572 тұрғынның зейнетақысы үйіне жеткізілді - Сәкен Сәрсенов

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазпошта» АҚ филиалдарында зейнетақылар мен жәрдемақылардың берілу мәселесі бойынша «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Серсенов айтып берді.

Бүгінге дейін 389 572 тұрғынның зейнетақысы үйіне жеткізілді - Сәкен Сәрсенов

«Қозғалыстың шектелуіне байланысты бұрын пошта бөлімшесіне зейнетақы алуға келетін зейнеткерлерге сәуір айының зейнетақыларын үйлеріне жеткізудеміз. Қалғандарына төлем картасын ашып, ақшаларын сол картаға аударып, карталарын үйлеріне жеткізіп жатырмыз»,- деді Сәкен Сәрсенов. 

Басқарма төрағасының айтуынша, Нұр-Сұлтан мен Алматыда бөлімшелер саны қысқартылды, мемлекеттік қызметтерді ресімдеу және зейнетақы мен жәрдемақы беру жұмыстары жалғасуда. Пошташылар хат-хабарларды күн сайын қажетті жеріне дейін жеткізіп жүр. Бөлімшелерге келушілер санын қысқарту мақсатында зейнетақы үйге жеткізілуде. Қазіргі таңда 389 572 мың зейнетақы тиісті алушыларға жеткізілген.

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге 1-15 сәуір аралығында зейнетақыны үйге жеткізу кестесін бекіттік. Сол кесте бойынша бүгінгі күні 389 572 зейнеткердің үйіне зейнетақыларын жеткізіп, 6 мыңға жуық зейнеткерді төлем карталарына көшірдік. Зейнетке шыққан клиенттеріміздің қатарында карантин біткен соң зейнетақыларын бөлімшеге келіп алғылары келетіндер де бар. Біз олармен үнемі байланыста боламыз»,- деді Сәкен Сәрсенов.