Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдайға байланысты табыстан айырылған адамдарға 42500 теңге сомасында ай сайынғы әлеуметтік көмек аудару басталған.
Осыған орай, аумақтық Мемлекеттік кірістер департаменттері тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілерді қоспағанда, дара кәсіпкер ретінде тіркеуде тұрған жеке тұлғаларға және жеке практикамен айналысатын тұлғаларға қатысты шығарылған банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер мен инкассалық өкімдерді қолдап кері қайтаруда.