Қазақстан • 08 Сәуір, 2020

Бас қала әуежайының коды өзгерді

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының сонау КСРО кезеңінен бері қолданылып келе жатқан үш әріпті TSE коды NQZ болып өзгеретін болды. Бас қаланың бас әуе қақпасының кодын өзгерту туралы мәселені «Egemen Qazaqstan» газеті бұған дейін көтергенін айта кетейік.

Бас қала әуежайының коды өзгерді

«Egemen Qazaqstan» газеті көтерген мәселе тиісті органдардың құлағына же­тіп, оған қатысты қандай шаралар қа­был­данатыны туралы хабарлаған болатын.

Сонымен бірнеше жыл бұрын кө­те­ріліп, ақыры шешімін тапқан жа­ғым­­ды жаңалықты Индустрия және ин­­фра­құрылымдық даму министрлігі жеткізді.

– Халықаралық әуе көлігі қауымдас­тығының (IАТА) 2020 жылғы 6 сәуірдегі арнайы хабарламасына сәйкес, Нұр-сұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы­ның қолданыстағы TSE үш әріпті кодын NQZ-ке өзгерту туралы түпкілікті ресми шешім қабылданды, – делінген министрліктің Telegram каналында жарияланған ақпаратта.

Былтыр еліміздің Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиа­ция комитеті Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен Нұр-Сұлтан және Қа­зақстанның өзге де қалаларындағы әуежайлар кодын өзгерту жөнінде келіс­сөз бастаған еді. Сол келіссөз жұмыстары ақы­­ры нәтиже бере бастады деуге болады.

Халықаралық әуе көлігі қауымдас­тығына дүние жүзі бойынша халықаралық рейстердің 94 пайызын орындайтын  290 әуе компаниясы мүше екенін айта кетейік.