Медицина • 08 Сәуір, 2020

Медицина қызметкерлеріне сыйақы беріле бастады

461 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Коронавирус індетімен өз өмірлерін қатерге тігіп, күн-түн демей күресіп жүрген дәрігерлер қауымына демеу қажет қазіргі уақытта. Мұны Қарағанды облысының басшылығы жақсы сезінеді және нақты істерге қадам жасап отыр.

Медицина қызметкерлеріне сыйақы беріле бастады

Мысалы, облыста дәрігерлер үшін қорғаныш костюмдерін, маскалар мен медициналық қолғаптарды сатып алу жалғасуда. Республикалық бюджеттен коронавирусқа қарсы күреске атсалысатын ақ желеңді абзал жандарға қосымша қаражат бөлініп, бүгінде Қарағанды облысында 1677 дәрігер мен медбике бір еңбекақы көлемінде сыйақы алды. Бұл игі іс алдағы уақытта да жалғасын табады.

Бұл туралы облыстағы эпи­де­миоло­гиялық жағдай жөніндегі се­лек­тор­лық режімде өткен аппараттық кеңес­те мәлім болды. Жиында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек 30 наурыздан бас­тап өңірдің бес қаласында жеке шектеу шаралары қарастырылған карантин енгізілгенін хабарлады.

– Қарағанды, Теміртау, Абай, Саран және Шахтинск қалаларының аумағында осы елді мекендер халқының өмірі мен қызметі үшін ерекше жағдайлар қарастырылған каран­тин режімі енгі­­зіл­ді. Яғни жоға­рыда аталған қалалар бірыңғай каран­тин­дік аймақ болып саналады. Бұл қала­лар­дың тұрғындары кәмелетке толмаған балалардың өз бетінше жүріп-тұруына тыйым салу сияқты шектеу шараларын сақтауы қажет: 65 жастан асқан адам­дарға далаға шықпау, ал жұмыс беру­шілерге жұмыс күнін екі сағатқа қыс­қар­ту ұсынылды, – деді облыс әкімі.

Алдағы уақытта облысқа 300 мың байланыссыз термометр жеткізілмек. Сондай-ақ «Көмек-2020» облыстық қо­ғам­дық қорының қаражаты есебінен 20 мың респиратор сатып алынады.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев облысқа 100 мың экспресс-тест әкелінгенін, жа­қын арада облыс емханаларында коронавирусты анықтау мақсатында жедел тестілеу басталатынын айтты. «Тестілеу клиникалық белгілер бай­қал­­ған жағдайда ғана жүргізіліп, тегін жү­зе­ге асырылады», деп атап өтті ол. Бұдан бөлек, Ресейден 56 аспалы бүріккіштер сатып алынған, қалған 170-і таяу арада жет­кізілетін көрінеді.

Естеріңізде болса, Қарағандыда коронавирус инфекциясын жұқтырған жеті адам емделіп жатыр. Дәрігерлердің айт­қанына сенсек, қазіргі уақытта олар­дың жағ­дайын қанағаттанарлық деп баға­лау­ға болады.

Жалпы, облыста барлығы 592 адам тәулік бойы дәрігерлердің бақылауына алын­ған, тағы 514 адам үйлерінде оқшау­ланған.

 

Қарағанды облысы