Қоғам • 08 Сәуір, 2020

«Қазпошта» қашықтан қызмет көрсетеді

237 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Қазпошта» АҚ филиалдарында зейнетақылар мен жәрдемақылардың берілу мәселесі бойынша баспасөз мәс­лихаты өтті. «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәр­сенов төтенше жағдай мен карантин режімі басталғалы, пошта және қаржылық қызметтер ұсыну тоқтамағанын хабарлады.

«Қазпошта» қашықтан қызмет көрсетеді

«Әрине төтенше жағдай пош­та бөлімшелерінің жұмыс кес­тесіне өзгерістер енгізді. Қазір Нұр-Сұлтанда 34 бөлімшенің 10-ы, ал Алматыда 91 бөлімшенің 30-ы істеп тұр. Жұмыс уақыты да сағат 10-нан 16.00-ге дейін қыс­қарды. Алматы, Солтүстік Қа­зақстан облыстарында жә­не Қарағанды қаласында бөлім­шелердің жұмыс уақыты 16.00-ге дейін, қалған аймақтарда 17.00-ге дейін қысқарды. Көптеген аймақта жергілікті биліктің сұрауымен бөлімшелер демалыс күндері де тұрғындарға қызмет көрсетуде. Негізі, барлық бөлімшенің жұмыс кестесі сайтта жаңартылып тұрады. «Қазпошта» қызметкерлері мен клиенттерінің денсаулығын сақтау үшін шаралар қолданылуда. Пошта бөлімшелерінің басшылары қызметкерлердің әл-ауқатын бақылайды. Барлық бөлімшеде ылғалды тазалау және дезинфекциялау үнемі жүргізіледі. Қызметкерлерге маскалар мен санитарлық тазартқыштар беріледі, бөлімшеде қызмет ала алатын адамдар саны шектеулі, байланыссыз қызмет көрсету орындары анықталған, қашықтық белгілері сызылған», деді ол.

Сонымен қатар С.Сәрсенов клиенттерден аса қажеттілік тума­ған жағдайда пошта бөлім­ше­леріне барудан бас тартып, қашықтан қызмет көрсетуді қолдануға болатынын мәлімдеді.

«Біздің сайт және мобильді қосымшамыз арқылы сәлем­де­мелерді үйге жеткізуге, курьерді шақырып, затыңызды алып кетуге тапсырыс беруге болады. Сонымен қатар коммуналдық немесе басқа да төлемдерді төлеуге, мемлекеттік органдармен хат алмасуға, газет-журналдарға жазылуға болады. Елдегі жағдайға қарамастан, барлық пошташылар мен курьерлер пош­та, хаттар, газеттерді штаттық режімде жеткізуде. Қызметкерлер күн сайын мар­шрут­тар бойынша сіздерге қыз­мет көрсетеді. Сон­дықтан олардың еңбектеріне құр­метпен қарауларыңызды, қауіпсіз қарым-қатынас ережелерін сақтау­ларыңызды сұраймын. Қолай­сыз эпидемиялық жағ­дай кезінде «Қазпошта» қазақ­стандықтардың үйден шық­пай қызмет алуы үшін барлы­ғын жасайды. Зейнетақы мен жәр­демақы төлеу жөніндегі жұмы­сымыз туралы айтып өткім келеді. Біз бұрынғыдай зейнет­ақы мен жәрдемақыларды 80 жас­тан асқан зейнеткерлерге және азаматтардың ерекше сана­тына үйлеріне дейін жеткі­зіп береміз. Енді қазір қозға­лыс­тың шектелуіне байланыс­ты, барлық зейнеткерге сәуір айының зейнетақыларын үйлеріне жет­кізудеміз. Қалағандарына төлем кар­тасын ашып, ақшаларын сол картаға аударып, карталарын үйлеріне жеткізіп беріп жа­тырмыз. Еңбек және халық­ты әлеуметтік қорғау министр­лігімен бірге 1-15 сәуір аралы­ғында зейнетақыны үйге жеткізу кестесін бекіттік. Сол кесте бойынша бүгінде 389 572 зейнеткердің үйіне зейнетақыларын жеткізіп, 6 мыңға жуық зейнеткерді тө­лем карталарына көшірдік. Зей­неткерлердің ішінде карантин біткен соң зейнетақыларын бөлім­шеге келіп алғылары келе­тіндер де бар. Біз олармен үнемі байланыста боламыз. Сондай-ақ мекенжайын немесе телефон нөмірлерін өзгерткендер бар, бізге хабарласып, өтінішін қал­ды­руларын сұраймыз», деді С.Сәрсенов.

Қазір Мемлекет басшысының тапсырмасымен табыссыз қалған азаматтарға ай сайын 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек аударыла бастады. Оны алу үшін өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар арнайы шот ашып бірыңғай төлемді төлеулері керек. Осыған байланысты, «Қазпоштаның» барлық бөлімшесінде, соның ішінде ауылдық жерлерде, экспресс-карталар мен ағымдағы шо­т­тарды ашып, төлемдер қа­былдап жатыр.

«Ұлттық банктің түсіндіруі бойынша, осы жәрдемақыны алу үшін арнайы шот ашудың қажеті жоқ. Бұл жәрдемақыны банк, салық органдары, сот ат­қа­рушыларының алуға құқықтары жоқ. Кез келген банктің немесе «Қазпоштаның» әдеттегі карт-шоттарын пайдалануға болады. Соңғы 6 күнде 237 мыңға жуық клиентке қызмет көрсеттік. 2020 жылдың 7 сәуірінде 126 204 шот ашылды, 163 129 адамнан БЖТ (бірыңғай жиынтық төлем)төлемі қабылданды. БЖТ онлайн төлеу мүмкіндігі туралы барлық нұсқаулар «Қаз­поштаның» әлеуметтік желі­лер­дегі парақшаларында және сайтта орналастырылған. Сізге ыңғайлы болу үшін біз қазіргі уақытта post.kz сайтында шотты онлайн ашып, виртуалды кар­та шығару қызметін іске қосу мүм­кіндігін қарастырудамыз. Қыз­меттің іске қосылуы туралы қосымша хабарлаймыз. Егер «Қазпошта» бөлімшесіне кел­сеңіз, сізді қауіпсіз қызмет алу ережелерін, атап айтқанда, бөлім­шеге маскамен бару және ең бастысы, қашықтықты сақтау­ға шақырамыз. Өзіңізді, жақын­дарыңызды және біздің қызмет­керлерімізді вирусты жұқтырудан сақтаңыз», деді «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы.