Аймақтар • 08 Сәуір, 2020

Энергетиктерге қосымша 6 автобус, кеншілерге 15 автобус бөлінді

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ERG (Еуразиялық Топ) құрамындағы «Евразиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ індет таралу қаупіне байланысты Екібастұздағы «Шығыс» кеніші бөлімшесінде, Ақсу электр стансасында алдын алу іс-шаралары күшейтілді.

Энергетиктерге қосымша 6 автобус, кеншілерге 15 автобус бөлінді

Суреттерді түсірген: Әйгерім Иманғазина

Корпорациясы (ЕЭК) – еліміздегі электр энергиясы мен көмір өндірушілер кәсіпорындардың бірі. 

Елде өндірілетін электр қуатының 17 пайызы, көмірдің 20 пайызы кәсіпорын еншісінде.

Электр энергиясын өндірудің жылдық қуаты – 16 млрд кВт*с. Корпорация Ақсу электр стансасы мен «Шығыс» көмір кенішін біріктіреді.  2001 жылдан бері электр стансасында энергоблоктарды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде стансаның қуаты – 2 450 мВт.

– Корпорация коронавирус инфекциясының алдын алу, еңбек ұжымдарында тұрақты өндірістік үрдіс сақтау үшін барлық қажетті шаралар қабылдады. Өндірісте қауіпсіздік ережелерін, жеке бас сақтық шараларын сақтау үшін энергетиктердің жеке жауапкершілігі туралы ескертілген,- дейді корпорацияның әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице-президенті Татьяна Носачева.

п

Кәсіпорында еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға орай күнделікті мониторинг жүргізіліп, жеке қорғану құралдарын сатып алу, энергетиктертердің, жұмысшы-қызметкерлердің дене температурасын бақылау үшін тепловизорлар орнатылды.

Сонымен  бірге, жеке қауіпсіздік шаралары туралы жүйелі ақпараттандырулар ілінген.

Бұдан бөлек, үй-жайларды, кәсіпорын аумағын, жұмыс орнына жеткізетін көлікті санитарлық тазарту шаралары жүргізілуде.

Энергетиктерге қосымша 6 автобус, кеншілерге 15 автобус бөлінді. Адамдар көп жиналатын жерлерде арақашықтықты сақтау үшін- 1 метр белгі салынған.

Бөлімнің кеңсе қызметкерлері қашықтан жұмысқа ауыстырылған.

Жұмыс бабымен жеке қарым-қатынаста жиі болатын қызметкерлер - күзетшілерге, асхана қызметкерлеріне, есепшілерге арнайы қолғаптар берілді.

 

Павлодар облысы,

Ақсу қаласы