Аймақтар • 08 Сәуір, 2020

Нұр-Сұлтандағы 5 науқастың жағдайы ауыр - басқарма

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисықова хабарлады.

Нұр-Сұлтандағы 5 науқастың жағдайы ауыр - басқарма

«Елордада вирус жұқтырғандар саны 222-ге жетті. Оның ішінде 46% - ер азаматтар, 54% - әйел адамдар және 43%– 30-дан 49 жасқа дейінгі азаматтар, 27% – 18-ден 29 жасқа дейінгі азаматтар. 17% – 50-59 жас аралығында, 9% – 60-69 жас, 1% – 70-тен жоғары жастағылар. 3% – 18 жасқа толмаған балалар», - деді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, жазылып шыққандардың саны – 28 немесе 13%-ға жетті.

«Қазіргі таңда ауруханаларда 493 науқас ем алып жатыр. Оның 203-і коронавирустан емделушілер, оның ішіндегі 10 науқас Ақмола облысының тұрғындары. Сонымен қатар, 5 науқастың жағдайы ауыр. Оның 3-уі жасанды өкпе желдету аппаратына қосылған. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Басқа науқастардың жағдайы қалыпты. Нұр-Сұлтан қаласында 28 қаңтардан бастап 6315 бақылаудан және емдеуден өтті, оның 202-сі 18-ге толмаған балалар», - деді С. Қисықова.