Қазақстан • 08 Сәуір, 2020

Алматыдағы жаңа зауыт жылына 100 мың тонна құбыр шығарады

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​2020 жылдың екінші тоқсанында Алматы қаласының Алатау ауданының индустриялық аймағында "Үлкен диаметрлі дәнекерленген болат құбырларын шығаратын зауыт құрылысы" жобасыніске қосу жоспарланып отыр деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.

Алматыдағы жаңа зауыт жылына 100 мың тонна құбыр шығарады
Құрылыс алаңыныңжалпы аумағы - 18,3 гектар. Жоғары технологиялық зауыт құрылысы Қазақстанға әкелінетін құбыр өнімдерінің 70% импортын алмастыруға мүмкіндік береді.
Жобаны жүзеге асыру үшін "Asia Steel Pipe Corporation" Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорны құрылды. Инвестицияның жалпы сомасы 33 млрд теңгеден асады. Аталмыш жоба 2015-2019 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасына енгізілген. Сондай-ақ "Бір белдеу, бір жол" бағдарламасы аясында ҚХР мен ҚР арасындағы негізгі жобалар тізіміне кіреді.

Айта кету керек, құбыр зауыты орналасатын жер ретінде Алматы қаласы логистика және болат орамының негізгі жеткізушісі – Батыс Қытайдағы металлургиялық зауыттарға жақын болу үшін таңдап алынған.

Отандық зауыт жыл сайын 100 мың тоннағадейін жоғары сапалы құбыр өнімдерін шығарады деп жоспарлануда. Алдағы уақытта өндірісті 150 мың тоннаға дейін кеңейту көзделіп отыр. Бірінші желі спиральды құбырлар шығарады. Кейін үлкендиаметрлі тік жікті құбырлар желісін іске қосу көзделген.

Зауытта диаметрі 355 мм-ден 1420 мм-ге дейін, ұзындығы 8 м-ден 12,5 м-ге дейін құбыр өнімдерін шығару көзделген. Құбырларды өндіру кезінде беріктігі жоғары X80, Х100 санатындағы болат қолданылады. Ал құбыр қабырғаларының қалыңдығы 6,4 мм-ден 25,4 мм-ге дейін болады.

Бұл дәнекерленетін құбырлар мұнайды, газды, суды және мұнай өнімдерін тасымалдауға, сондай-ақ тау-кен, құрылыс, химиялық өнеркәсіп, энергетика салаларында пайдалануға арналған. Осылайша, жаңа зауыт ішкі нарық пен таяу шетелдерді сапалы құбыр өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кәсіпорында 300-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылады.

Дәнекерленген болат құбырларын шығаратын зауыт жобасын жүзеге асыру ҚР Тұңғыш Президенті –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің 2014 жылғы кездесуінің қорытындысы бойынша мүмкін болды. Сол кездесуде "ҚазМұнайГаз"ҰК" АҚ мен CNPC арасында мұнай-газ саласындағы кешенді стратегиялық ынтамақтастық бағдарламасына қол қойылды.