05 Қыркүйек, 2013

Тежеулі істердің тетігін іздестіру

361 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Санкт-Петербург саммитінің басты тақырыбы болады

Бүгін және ертең Ресейдің Санкт-Петербург қаласында «Үлкен жиырмалықтың» саммиті өткелі тұр. Қазіргі күндері мұнда G20 елдері қаржы министрлері орынбасарларының кездесулері жүріп жатыр. Кеше кешкісін аяқталған жиындардың негізгі мақсаты ертең қыркүйек күні жарияланатын болып жоспарланған «Жиырмалық тобы» мемлекет және үкімет басшыларының қорытынды мәлімдемесінің жобасын дайындау болып табылады. Ал саммиттің өзінде әлемдегі дамыған және дамушы елдердің көпшілігіндегі экономика дамуының тежелісі мен оларды ұзақ мерзімді өсімге бастайтын тетіктерді табудың жайы кеңінен талқыланады.

Әлемнің ең дамыған елдері бас­шы­ларының алғауымен керуен керетін бұл ұлы жиынға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысады. Біздің Елбасы мұнда Ресей Федерациясының Президенті және «Үлкен жиырмалық» тобының іс үстіндегі төрағасы Владимир Путиннің арнайы шақыруы бойынша баратын болады. Күн тәртібіне қазіргі таңдағы аса маңызды халықаралық экономикалық және қаржылық мәселелерді ұсынатын бұл жолғы G20 саммитінің салмағы мен сапасы жоғары болып отырғаны сондай, АҚШ-тың Президенті Барак Обама өзі үшін кезек күттірмейтін келелі іс саналған Сирияға әуеден шабуыл жасаудың жайын Конгресте талқылауға қалдырып, осында арнайы келмекші. Себебі, бүгінгі күндері Жер шарындағы көптеген елдерде, соның ішінде Құрама Штаттар да бар, қалыптасып отырған экономикалық ахуал кім-кімді де алаңдатпай қоймас еді.

Енді осыншалықты үлкен маңызы бар алқалы жиынның алдында оның тегі мен тарихы, мақсаты мен міндеті, жоспары мен жобасы жайлы біршама әңгімелеп берген орынды болмақ.

Тегі мен тарихы

«Жиырмалық тобының» бастау алар бастапқы шағы 1976 жылы құрылған «Үлкен жетілік» (G7) жүйесінің әлемдік ауқымдағы экономиканы реттеп отыруға бағыт ұстаған «жұмыс комитеті» құрылуынан арна тартады. Оған АҚШ, Канада, Франция, Германия, Италия, Жапония және Ұлыбритания мем­лекеттері кірді. 1997 жылы «Үлкен жетілік» өзінің саяси пікірталас шеңберіне Ресей Федерациясын тартты. 1999 жылы АҚШ пен Канада әлемдік ірі державалар орталық банктері қаржы министрлерінің бастарын біріктіретін «Жиырмалық топ» дегенді құрды. Ол бастапқыда қатысушы мемлекеттер қаржы министрлері мен орталық банктері өкілдері кеңесінің форумы ретінде пайда болды. Жаңа топтың алдына 1997-1998 жылдары Шығыс Азиядан басталып, күллі әлемді дүр сілкіндірген қаржы дағдарысына лайықты тойтарыс беру міндеті қойылды. Бұл дүрбелең, әсіресе, Ресей, Бразилия, Аргентина секілді елдерге қатты соққы болып тиді. Дағдарыс өзінің шылаушын шылбыры арқылы басқа мемлекеттерге тез тарап, оларды экономикалық күйреу халіне жеткізетінін анық көрсетіп берді. Бұдан бөлек, дағдарыс осы кездердегі барлық іс-әрекетін көпшілік жағдайды тек ушықтырып жіберетін қимыл ретінде бағалай бастаған Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) нұсқауларына қоғамның кері көзқарасын тудырып жатты. Сондықтан G20-ның Берлинде өткен бірінші саммитінде Азия елдері тұйықтан шығудың жәрдемін қордан емес, Батыстан сұрады.

2002 жылы «Үлкен жетілік» өзінің құрамына Ресейді толық мүше етіп қосып алғандықтан, «Үлкен сегіздікке» айналды. 2005 жылы G8 нарықтық экономикасы енді дамып, көтеріліп келе жатқан Бразилия, Қытай, Үндістан, Мексика және Оңтүстік Африка Республикасы тәрізді 5 мемлекеттің өкілдерімен кездесіп, қаржы-экономикалық дағдарыстың алды