Аймақтар • 09 Сәуір, 2020

Шығыс Қазақстан: Өзендерде сең жүре бастады

1041 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұз кесектері көлемді болса жару жұмыстарын жүргізеді.

Шығыс Қазақстан: Өзендерде сең жүре бастады

Өңірдің өзендерінде мұздар жарылып, сең жүре бастады. Жергілікті әкімдік пен төтенше жағдай саласының мамандары тасқынға жол бермес үшін қазір жағдайды бақылап отыр.

м

«Алтай ауданында Бұқтырма өзенінде сең жүре бастады. Әзірге қорқатындай ештеңе жоқ. Мұз қиыршықтары өзен бойымен ағып жатыр. Мамандар бәрін бақылап отыр.

мұ

Мұз кесектері көлемді болса жару жұмыстарын жүргізеді. Катонқарағай ауданы Ақсу ауылы аумағындағы Ақсу өзенінде мұз кептелісі болды, бірақ өздігінен тарап кетті. Қазіргі уақытта Бұқтырманың Коробиха және Сенное ауылдары маңындағы ағысында сең жүре бастады. Осы ретте Өскеменнен қосымша құтқарушылар тобы жіберілді» делінген облыстық Төтенше жағдай департаменті таратқан мәліметте.

мұз

Бүгін Өскемен қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы Үлбі өзенінде су деңгейі тәулігіне 3 сантиметрге көтеріліп жатқанын, қазір 562 сантиметрге (шекті деңгейі – 800 сантиметр) жеткенін хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысы  

(Суреттер облыстық Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінен алынды)