Мәліметтерге сәйкес, Nur Otan партиясының комиссиясы коронавирус инфекциясын жұқтырған дәрігер Толқынай Ордабаева жұмыс істейтін Меркі ауданындағы ауруханада заңбұзушылық барын анықтаған. Жазбада көрсетілгендей, аудандық аурухана әкімшілігі медицина қызметкерлеріне медициналық масканы өздері тігуді талап еткен. Сондай-ақ, жұмыста оларға маскалар мен қорғаныс құралдары берілмеген. Осыған байланысты Меркі аудандық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Данияр Нүсіпбеков пен осы салаға жетекшілік ететін Меркі ауданы әкімінің орынбасары Марат Қасым партиялық жауапкершілікке тартылды.
Жамбыл облысы