Экономика • 09 Сәуір, 2020

«Ұлы күйзеліс» кезеңінен бері болмаған ең ауыр экономикалық дағдарыс күтілуде

760 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық валюта қорының болжауынша, әлемді үрей құшағына алған коронавирус пандемиясы салдарынан 1929-1933 жылдардан бері алғаш рет әлемдік экономика ең ірі құлдырауға ұшырайды.

«Ұлы күйзеліс» кезеңінен бері болмаған ең ауыр экономикалық дағдарыс күтілуде

«Біз «Ұлы күйзеліс» кезеңінен кейінгі ең ауыр экономикалық қиындықтарға тап болуымыз ықтимал», - деді Халықаралық Валюта Қорының басшысы Кристалина Георгиева.

Оның айтуынша, 2021 жылы жағдай жақсарғанымен, бұл экономиканың толықтай қалпына алып келмейді. Тіпті бәрі қазіргіден де ушығып кетуі мүмкін. Әлемде пандемияның қаншалықты ұзаққа созылатыны және оның экономикаға əсері жөнінде нақты бір ақпарат жоқтығын, осы жылы әлем бойынша экономикалық даму анық теріс көрсеткіште болатындығын атап өтті.

Сондай-ақ К. Георгиева Халықаралық валюта қорына мүше 180 елдің 170-інде жан басына шаққандағы табыстың төмендеуін күтетінін айтты.

Ол әлем елдерінің үкіметтерін нақты іс-әрекетке көшуге және кәсіпорындар мен азаматтарға қолдау көрсетуге шақырды. Əйтпесе пандемия аяқталғаннан кейін экономиканы қалпына келтіру бұдан да қиын болады деп ескерту жасады.