Аймақтар • 10 Сәуір, 2020

Әскери жиындарға шақыру мерзімі белгілі болды

572 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру туралы ҚК Бас штабы бастығының орынбасары Серік Боранбаев айтып берді.

Әскери жиындарға шақыру мерзімі белгілі болды

«Бүгінде Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Алматы, Қызылорда, Павлодар, Ақмола облыстарында арнайы жиындардың бөлімшелері құрылды. Ақтөбе және Атырау облыстарында әскери міндеттілерді шақыру жалғасып жатыр. 13 сәуірде Шымкент қаласы мен Қарағанды облысында, 14 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында, 15 сәуірде Жамбыл, 17 сәуірде Түркістан облысында шақыру басталады», - деді С. Боранбаев.

Оның айтуынша, қалған облыстарда әскери жиынға шақыру мәселесі қаралып жатыр.

«Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында әскери жиындарға шақыру мәселесі қаралып жатыр. Жергілікті атқару органдарының басшылары жағдайға байланысты жиын өткізуге қатысты өздері шешім қабылдайды», - деді Серік Боранбаев.