Президент • 10 Сәуір, 2020

Медицина қызметкерлерінің індетті жұқтырып жатқаны алаңдатып отыр - Президент

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында медицина қызметкерлерінің вирус жұқтыруына алаңдаулы екенін атап өтті.

Медицина қызметкерлерінің індетті жұқтырып жатқаны алаңдатып отыр - Президент

«Медицина қызметкерлерінің індетті жұқтырып жатқаны алаңдатып отыр. Ауруға шалдыққан бес адамның біреуі – медицина қызметкері. Бұған жеке қорғаныс құралдарының жетіспеушілігі және қауіпсіздік шараларының сақталмауы себеп болуда. Дәрігерлеріміз онсыз да жетпей жатқанда, бұған мүлдем жол беруге болмайды. Науқастарды емдейтін медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын ерекше бақылауға алу керек. Олар жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етілуі тиіс. Сондай-ақ, дем алатын және уақытша тұратын жерлерін де мұқият ойластырған жөн»,- деді Президент өз сөзінде.

Одан бөлек ел Президенті алдыңғы шепте жүрген полицейлер, әскери қызметкерлер, мемлекеттік органдар қызметкерлері мен еріктілердің  қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек екеніне тоқталды.