Президент • 10 Сәуір, 2020

42 500: Президент төлем карталарын онлайн алу мүмкіндігін шешуді тапсырды

452 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік жәрдемақыны беруде туған мәселелерді атап өтіп, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың жұмысын сынға алды.

42 500: Президент төлем карталарын онлайн алу мүмкіндігін шешуді тапсырды

«Төтенше жағдай кезінде табыссыз қалған азаматтарды қолдау бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр. Оларға 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілуде. Жәрдемақыны алуға 1,7 миллион азаматтан өтініш келіп түскен.  Әлеуметтік көмек көрсетуде дайындықтың төмен болғанын атап өтуге тура келеді. Жауапты ведомство менің араласуымнан кейін ғана жедел шешімдер қабылдай бастады. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың түсіндіру жұмыстары тиімсіз болғанын көрсетті» деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Азаматтар арасында түсініспеушілік пайда болып, өңірлерде шот ашу немесе Бірыңғай әлеуметтік төлем үшін банктерде кезекте тұрғаны айтылды.

Сондықтан Үкіметке жедел түрде әр азаматтың үйден шықпай-ақ мемлекеттен көмек алуын дұрыс ұйымдастыру қажет екенін және оны барлық БАҚ пен әлеуметтік желілерде тарату керек екеніне тоқталды.

Ел Президенті төлем карталарын алуға қатысты техникалық инфрақұрылым ғана емес, мемлекеттік органдардың нормативтік жүйесі де дайын болмай шыққанын атап өтті.

Кездесуде төлем карталарын қашықтан алу мүмкіндігін үш күн ішінде шешу тапсырылды.

Президент әлеуметтік көмек шын мәнінде қаржылық қиындықтарға тап болған адамдарға берілетінін түсіну керек екенін баса айтты. Сондықтан табысы жеткілікті тұлғалардың әлеуметтік жәрдемақыны негізсіз алуын болдырмау мәселесі көтерілді.

Соңғы жаңалықтар