Білім • 13 Сәуір, 2020

Yessenov University-де «Social Project» онлайн байқауы өткізілді

188 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты онлайн режимде жұмыс жасау жолға қойылды. Сабақ өткізу, семинарлар, конференциялар, байқаулар, отырыстар онлайн түрінде қалыпты өтуде. Төтенше жағдай талаптарын қатаң орындап, әрқайсымыз соған мүлтіксіз бағынсақ, бұл уақытша қиындықтарды жеңіп шығатынымызға сенімдіміз деп хабарлайды Yessenov University баспасөз қызметі.

Yessenov University-де «Social Project» онлайн байқауы өткізілді

- Онлайн сабақтар өткізу мен жұмыс жасаудың бір бағыты – студенттер арасында онлайн байқаулар өткізу. 10 сәуір күні Yessenov University студенттері, колледж студенттерінің арасында онлайн режимде «Social Project» әлеуметтік жобалар байқауы өтті. Өткізілген байқау Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын іске асырудың бағыттарының бірі еліміздегі әрбір адамның, әсіресе жастардың заманауи бәсекеге қабілетті болуына, сандық технологияларды игере білуіне ықпал етуге, сонымен қатар кәсіпкершілікті жан-жақты дамытуға, жастар арасында кеңінен насихаттауға бағытталған. Байқау сарапшылары ретінде Астана қаласынан Жастар қызметкерлері қауымдастығы төрағасы, Жастар ісі жөніндегі ұлттық тренерлер пулының тренері Наурызбаев Нұрлыбай, Маңғыстау облысы Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Уралбаев Мұқаш, университеттің Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Гулимай Аманиязова, «Каспий кәсіпкерлік орталығының» маманы Гүлжазира Қосмағамбетова қатысты, - дейді «Бизнес және құқық» факультетінің деканы Гүлсара Джолдасбаева.

Факультет деканының айтуынша, жалпы байқауға қатысуға 67 адам тіркеліп, 13 жоба алдын-ала сарапталынып алынған. Байқау алдында Жастар қызметкерлері қауымдастығы төрағасы, Жастар ісі жөніндегі ұлттық тренерлер пулының тренері Наурызбаев Нұрлыбай «Social Project» жобасы туралы мотивациялық тренинг өткізсе, Маңғыстау облысы Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Уралбаев Мұқаш Маңғыстау облысындағы Волонтерлық қызметтің жұмысы туралы ақпарат берді.

Байқау барысында Talking Book, «Мегаполистегі қоқыстан тазарту жүйесін жақсарту», «Тактильная дорожки для незрячих», «Туристік-өлкетану орталығы арқылы студенттерді патриотизмге тәрбиелеу», волонтерлықты дамытуға және жылжытуға арналған «Happy travels», қазіргі нарықта сұранысқа ие жылыжай құру үлгісі «Таза ғаламшар», «Құм терапиясы», «Эко-үй таза экология кепілі», «Fried ice-cream», «Воздушная зебра», «Пластикалық бөтелкелерді қайта өңдеу және өндіру» тақырыптарындағы қызықты, қоршаған ортаны, экологияны сақтауға, мүгедек және қарт адамдарға жағдай жасауға, қалдықтарды қайта өңдеуге арналған әлеуметтік маңызды жобалар талқыланды.

Байқау қорытындысы бойынша Альчагир Алфияның «Гражданская инициатива на селе», Нысанбай Ақбибінің «Құм терапиясы», Қабдол Нұрдаулеттің «Воздушная зебра» жобалары үздік деп танылды.

 

 

Маңғыстау облысы