Аймақтар • 14 Сәуір, 2020

Ақтаудағы зияткерлік мектептің ата-аналары мақал-мәтел айтып жарысуда

808 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының ата-аналары «Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер» авторлық жобасына белсенді қатысуда. Отбасында ата-аналар мен балалар мақал-мәтел айту арқылы қазақтың нақыл сөздерін ұрпақ санасына сіңіруде. Бұл туралы аталған мектептің баспасөз қызметі хабаралды.

Ақтаудағы зияткерлік мектептің ата-аналары мақал-мәтел айтып жарысуда

- Қазіргі таңда өсіп келе жатқан жас ұрпаққа мақалдың маңызын түсіндіруден бұрын кітап оқытудың өзі қиын екені рас. Сол себепті де біз жобаны қызықты өткізу үшін ата-аналардың көмегіне жүгінуді ұйғардық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ биылғы оқу жылында бастаған жобасы киелі Маңғыстау өңірінің  отбасыларында қолдау тапты, - дейді білім ордасының аға педагог-кураторы Ляззат Байрғалиева.

Оның сөзінше, отбасы мүшелері өзара жарысып қана қоймай, жобаны сыныптар арасындағы челленджге айналдырыпты. Жүрекке жылы тиетін бейнематериалдар дайындап, халық даналығын заманауи үлгіде көрсетуге де атсалысып жатқан көрінеді. 

 

Маңғыстау облысы