Аймақтар • 14 Сәуір, 2020

«Туған жер» жобасы: Университет аудиториялары жастар тәрбиесіне қызмет етпек

257 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

 «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының құнды бағыттарының бірі - «Туған жер» жобасы. Бұл жобаны іске асыруға елім деген әр азаматтың үлес қосары сөзсіз. Туған жер – әр адамның түпқазығы. Отанға деген сүйіспеншілік алдымен туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталады. «Туған жер» жобасы - ұлттық патриотизмге негізделген, студент жастарға патриоттық тәрбие берудің негізгі бір бөлігі.

«Туған жер» жобасы: Университет аудиториялары жастар тәрбиесіне қызмет етпек

Туған жерге деген ерекше құрметтерін адам жанына жылулық сыйлайтын қайырымдылық шаралар жасау арқылы білдіріп жатқандар аз емес. Бағдарлама шыққалы бері  Yessenov University-де  елін сүйер азаматтардың демеушілігімен, өлкеміздің қалыптасуына, дамуына зор үлес қосқан тұлғалар атындағы оқу аудиториялары - тюрколог ғалым Құбайдолла Айдаров атындағы оқу аудиториясы (демеушісі «Кезби» ЖШС-нің директоры Кезбаев Б.), Маңғыстаулық әйгілі  шежіреші Алшын Мендалиев атындағы оқу аудиториясы (демеушілер туған-туыстары), қоғам қайраткері Жаздырхан Сейдалиев атындағы оқу аудиториясы (демеушілер туған-туыстары), университет түлегі, меценат А. Қосуақовтың демеушілігімен өлкеге танымал кәсіпкер, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Т. Жолдыбаев атындағы оқу аудиториясы, белгілі мұнайшы-геолог Сайлау Жылқыайдаров атындағы оқу аудиториясы, Иран Республикасының тарихы мен мәдениеті орталығы, облыстық соттың демеушілігімен студенттерге арналған «Келісімдер процедураларын рәсімдеу» оқу орталығы жасақталып, оқу үдерісінде кеңінен қолданылуда.

Бұл студент жастарды аға буынға қарап үлгі алып, тәуелсіз елдің білікті де елжанды азаматы болып қалыптасуға бастайды, сондай-ақ туған жерді сүю мен оған қызмет етудің перзент үшін қасиетті парыз екендігін ұғындыра түседі.

 

 

 

Маңғыстау облысы