Аймақтар • 14 Сәуір, 2020

Жетісуда жұқпалы індеттен 5 науқас жазылып шықты

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырып, ем-дом қабылдаған науқастар сауығып жатыр. Осы сәтке дейін дәрігерлердің рұхсатымен 5 адам ауруханадан шықты.

Жетісуда жұқпалы індеттен 5 науқас жазылып шықты

Бүгін Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасына 27 наурыз күні оқшауланған пациент үйіне жіберілді. 1979 жылы туған әйелдің денсаулығы қалыпты. Ол Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан келгеннен кейін денсаулығына шағымданып, дәрігерге қаралған болатын. Ал науқасқан байланыста болған  6 адам да дереу оқшауланған еді.

 

 

Алматы облысы