Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Ақтауда гипермаркетке келушілерге дезинфекция жасайтын туннель ашылды

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда гипермаркетке келушілер бастан-аяқ дезинфекция жасайтын туннельден өтетін болады, деп хабарлайды Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Ақтауда гипермаркетке келушілерге дезинфекция жасайтын туннель ашылды

Дүкенге келушілердің жоғары жағынан арнайы сұйықтық бүрку арқылы оларды толықтай дезинфекцияланудан өткізетін құрылғы Ақтау қаласындағы «Еңбек« РМК-да жасалған. Ақтаудағы ірі сауда орындарының бірі «Дина»  гипермаркеті бастаманы қолдап, құрылғыны ең алғашқы болып сатып алды.

Сауда орнынының дәл алдан орнатылған құрылғы мен оның жұмыс жасау тәсілі туралы «Дина» гипермаркетінің әкімшілігі Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Серік Гусманға таныстырды.

-Төтенше жағдайға байланысты шектеулер енгізілгенімен, азық-түлік дүкендері, дәріхана, банктер жұмыстарын жалғастырады. Сондықтан қалғандарын да осындай залалсыздандыру туннельдерін орналастыруға шақырамыз. Бұл, халықтың игілігі үшін, әрқайсымыздың денсаулығымыз үшін пайдалы, деді қала әкімінің орынбасары Серік Гусман.