Қазақстан • 15 Сәуір, 2020

Интернеттің сапасын əдейі нашарлатқан

589 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуроодақ операторларының ықпалымен Netflix жəне Youtube сынды танымал хостингтер қызмет сапасын əдейін нашарлатқан. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен бапасөз мəслихатында «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев айтты.

Интернеттің сапасын əдейі нашарлатқан

Сəуірдің басында Zoom платформасының интернет жүйесінде ақау орын алып, осының салдарынан отандық білім беру мекемелері онлайн оқытуды өткізе алмаған деп алға тартты ұлттық байланыс операторының басшысы.

«Интернет форумдарында осыған қатысты мыңдаған сұрақ түсіп жатыр. Қашықтықтан оқытуға байланысты мəселе алдағы уақытта шешіледі. Əлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған жандарға басым қызмет абонентттік төлемсіз беріліп отыр. Алайда Youtube секілді шетелдік интернет арналары ақылы болып қалады. Қазір серверлеріміздің жүктемесі артты. Мысалы карантинге дейін ғаламторға бір күнде 200 мың адам кірсе, қазір 650 мың адамды құрап отыр», - деді «Қазақтелеком» АҚ басқарма басшысы.

Баспасөз жиынында ауылды жерлердегі интернет мəселесі де қозғалды. Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дарын Тұяқовтың сөзіне сенсек, жыл соңына дейін 700-ге тарта ауылдағы ағайын кең жолақты интернетке қол жеткізбек.

«Төтенше жағдай кезінде интернеттің жұмысы аса маңызды. Қоғамда оның сапасына қатысты көп мəселе туындап жатыр. 1200-ден астам ауылды интернетке қосу жоспарланған. Бүгінде 607 ауыл қосылған. Қалған 643 ауыл жыл соңына дейін интернетке қол жеткізеді», - деді Д. Тұяқов.