Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

68 ерікті Атырауда арнайы жиынға қатысуда

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысы әкімінің шешімімен арнайы жиындарға қатысуға ниет білдірген еріктілер қатарынан 68 әскери қызметші шақырылды. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі хабарлады.

68 ерікті Атырауда арнайы жиынға қатысуда

Арнайы жиынға шақырылмас бұрын, әскери қызметке жарамды барлық адамдар зерттеліп, Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде медициналық комиссия арқылы өткізілді. Жиынға қатысуша әскери қызметшілермамандықтары мен тәжірибесіне сәйкес үш түрлібөлімге бөлінді.
Һ

Бұл аурухана бөлімі, РХБ қорғанысвзводы және атқыштар взводы. Әскери қызметкешақырылушылардың негізгі міндеттерінекоронавирустың таралуын болдырмау жөніндегіжедел штабтың жұмысына қатысу, блокпосттардақызмет ету, қала аумақтарын дезинфекциялау, инфекция ошақтары бар объектілерді күзету жәнемедициналық көмек көрсету кіреді.

Жиындар 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында өтеді деп күтілуде, алайда өңірде қалыптасқан жағдайларға сәйкес олының мерзімі үш айға дейін созылуы мүмкін. Арнайы жиын кезіндешақырылған азаматтар Қазақстан РеспубликасыҚарулы Күштерінің әскери қызметшісі мәртебесіналады және «Әскери қызмет және әскериқызметшілердің мәртебесі туралы» Заңға сәйкесоларға барлық әлеуметтік жеңілдіктерқолданылады. Атап айтқанда, медициналық көмек, киіммен және тамақпен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, арнайы жиынның барысында әскери қызметке жарамды адамдар жұмыс орнын және лауазымын сақтайды, оларға орташа жалақы төленеді, ал жұмыс істемейтін адамдарға мемлекет есебінен ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңге төленетін болады.