Коронавирус • 16 Сәуір, 2020

240 адам жазылып шықты

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаеваның қатысуымен коронавирустық инфекция жағдайында медициналық көмектің ұйымдастырылуына арналған баспасөз мәслихаты өтті. 

240 адам жазылып шықты

Кеше кешкі сағат 19.00-ге дейінгі ресми мәліметтерге қарағанда бүгін­гі таңда елімізде қауіпті індетті жұқ­тыр­ғандардың 1290 адамға жетті. Қуа­нарлығы, жазылып шыққандардың да қатары көбейіп, 240 адамды құрады. Өкінішке қарай, қайтыс болғандардың саны 16-ға  өсті.

«Жұқпалы аурулар стационарларында 1034 адам емделіп жатыр. 21 науқастың жағдайы ауыр, 169-ның денсаулығы орташа ауыр деңгейде, 1 пациент қанды оттегімен қанықтыру аппаратына қосылған. Жағдайы ауыр па­циент­тердің ішінде: 9 науқас өкпені жа­сан­ды желдету аппаратына, 6 науқас өк­­пені маскалы желдету аппаратына қо­сыл­­ған, 7 науқас оттегіні жалғау ар­­қ­ы­лы өздігінен тыныс алып жатыр. Жүр­­­гі­зілген емдеу шараларының нәти­жесінде 5 науқас өкпені жасанды желдету аппаратынан өз бетімен тыныс алу­ға ауыстырылды және жағдайы жақ­сар­ған 18 пациент реанимациядан бе­йін­ді бөлімдерге ауыстырылды», деді ол.

Денсаулық сақтау вице-ми­нистрі Л.Ақтаеваның сөзінше 370 медицина қызметкерінде коронавирус анықталған.

Алматы қаласында 177 қызметкер, Нұр-Сұлтанда – 92, Солтүстік Қазақстанда – 15, Атырауда – 17. Жалпы науқастанғандардың ішінде 29 пайызы дәрігерлер, 48 пайызы орта медициналық қызметкерлер, 23 пайызы кіші медициналық қыз­меткерлер. Науқастанған медици­на қызметкерлерінің ішінде реанима­циялық бөлімшелерде жат­қандары жоқ», деді вице-министр.