Медицина • 16 Сәуір, 2020

Батылдығымызды бағалады

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жауапты әрі сауапты қыз­мет болған соң адамдардың аман­дығы үшін барымызды саламыз. Азаматтық арымыз сынға түскен осынау қиын-қыстау сәтте бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай жұрт болып жұмылып еңбек етудеміз. Қаншама қалалар карантинге жабылып, сақтық шаралары күшейтілді.

Батылдығымызды бағалады

Әрине оның бәрі азаматтардың амандығы үшін жасалып жатқан шарапатты шаралар екенін ескеруіміз керек. Мен 1-топтағы қауіптілігі жоғары медицина қызметкерлерінің қата­р­ындамын. Біз алты сағат­тан ке­зек бойынша жұмыс істеу­де­міз. Кезегіміз аяқталғанда жатақ­ха­­­наға алып кетеді.

Осы орайда қауіпті індетпен білек түріп күресіп жатқан меди­цина қызметкерлерінің маң­дай тер машақаты мен еңбе­гін ескеріп, батылдығын баға­лап, төлемақы беруге шешім қабылдаған Президент Қасым-Жомарт Кемелұлына алғыс білдір­гім келеді. Осы берілген мемле­кет­тік төлемақы медицина сала­сында індетпен күресіп жүрген қыз­мет­керлердің жігерін жанып, жұ­мыстарына ынта сыйлайтынына сенімдімін.

 

Ғалия ХАУЕЗХАНҚЫЗЫ,

Солтүстік Қазақстан облыстық №1 қалалық ауруханасы Жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі