Экономика • 16 Сәуір, 2020

​Қазақстан кілемі әлемдік нарықта

612 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкенттегі «Бал Текстиль» фабрикасы өнімдерінің 20 пайызы алыс және жақын шетелдерге экспортталады, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

​Қазақстан кілемі әлемдік нарықта

Кез-келген мекеменің немесе үйдің әдемі безендірілуін түрлі кілемдер толықтыратыны анық. Адамдар оның әсем өрнектеріне қарап, тамсанып қана қоймай, бар жылуы мен нәзіктігін сезінеді. Қазіргі нарықта кілемдердің түрінің көптігі сонша, дұрыс таңдау жасаудың өзі оңай емес.

Еліміздегі кілем және кілем бұйымдарын шығаратын көшбасшы өнеркәсіп ошақтарының бірі - Шымкент қаласындағы «Бал текстиль» фабрикасы. Кәсіпорын - отандық кәсіпкерлер мен Түркияның «Kartal Tekstil Sanayi Ve Ticaret LTD. STI» компаниясының ортақ жобасы. Бұл фабрика -  Түркияда кілем өндіру саласының алғашқы ондығына кіретін ірі тауар экспорттаушысы.

Отандық кәсіпорын 2013 жылдан «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында өз өнімдерін шығара бастады. Бүгінгі таңда фабриканың өндірістік қуаты өте жоғары. Жылына 4 млн шаршы метрден астам кілем және кілем бұйымдарын, сондай-ақ 4 мың тонна полипропилен жіп шығарады.