10 Қыркүйек, 2013

Елулікке ену– ел тарихындағы ерекше оқиға

430 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

2b46e0300b46Еліміздің елулікке енуі біздің тек экономикада қол жеткізген жетістіктерімізбен екшеліп отырған жоқ, мұндай халықаралық үлкен мәртебе Қазақстанның әлеуметтік және қоғамдық игі көрсеткіштерімен де сараланып отыр. Мәселен, мемлекеттің жүргізіп отырған ішкі-сыртқы сая­си үдерістері мен қоғамды сауатты басқара білу, елдің білім мен ғылыми-техникалық әлеуеті және ақпараттық инфраструктураның даму деңгейі, сондай-ақ, қоғамның құқықтық мәдениеті мен жалпы адамзаттық құндылықтың қазақстандық қоғамдағы салиқалы жүйесіне де көп мән берілуде.

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРЕНАДАҒЫ СЫНДАРЛЫ БАҒА

Еліміздің елулікке енуі біздің тек экономикада қол жеткізген жетістіктерімізбен екшеліп отырған жоқ, мұндай халықаралық үлкен мәртебе Қазақстанның әлеуметтік және қоғамдық игі көрсеткіштерімен де сараланып отыр. Мәселен, мемлекеттің жүргізіп отырған ішкі-сыртқы сая­си үдерістері мен қоғамды сауатты басқара білу, елдің білім мен ғылыми-техникалық әлеуеті және ақпараттық инфраструктураның даму деңгейі, сондай-ақ, қоғамның құқықтық мәдениеті мен жалпы адамзаттық құндылықтың қазақстандық қоғамдағы салиқалы жүйесіне де көп мән берілуде.

Қазақстанның ғаламдық бәсе­келі көрсеткіштер бағанынан өз бағасын алуына, әрине, еліміздің соңғы жиырма жыл бойына атқарған тыңғылықты еңбегі мен болашаққа жасаған нақты бағдарламаларының да жемісі орасан зор. Әлемдік бәсекеге қабілетті елдер тізімінде Қазақстанның алдында тұрған елдер кілең екпінді дамушы мемлекеттер. Алда, бізді дүние жүзінің ең дамушы отыз елінің қатарына кіру межесі күтіп тұр. Бұл жолда инновация мен бизнесті, сонымен қатар технологиялық ілгерілеуді арттыра түсіп, мемлекеттік институттардың қызметін, оның ішінде зияткерлік меншік құқығы, өкіметтің қызмет ету әсерлілігін арттыру секілді салаларда да көп жетістіктерге қол жеткізуіміз қажет.

Әлемдік бәсекеге қабілеттілік – ең әуелі өз мемлекетіміздің азаматтарының сапалы өмір сүріп отырғандығының сырт көз берген сындарлы бағасы. Бұл жолда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен көптеген істер атқарылды, әлі де атқарыла бермек.

Ләйлә МҰЗАПАРОВА,

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

директорының бірінші орынбасары.

АЛМАТЫ.

________

БҰЛ – ЗАҢДЫЛЫҚ!

Кездейсоқ ешнәрсе болмайды. Табиғатта да, қоғамда да болған оқиғаның алғышарты, заңдылығы болады. Міне, Қазақстан дүниежүзіндегі дамыған елу елдің қатарынан көрініп отыр. Мен мұны біздің дамуымыздың заңды нәтижесі, біздің шыққан құтты биігіміз деп білемін.

Соңғы жылдары әлемдегі беделді халықаралық ұйымдар мен аузы дуалы саясаткерлер еліміздің жетістіктеріне лайықты бағасын бере бастаған. Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші елге айналғанын да сырт көз бірінші айтқан еді. Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттеріне қарағанда біздің республикадағы экономикалық және әлеуметтік даму қарқыны оқ бойы алда келе жатқаны айдай әлемге анық. Бұл өзімізге де белгілі. Халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайы көтерілген. Жылдан жылға жұмыссыздар қатары азайып келеді, біздің отан­дастарымыз күнкөріс үшін үйін тастап, өзге елге жұмыс іздеп тентіреп кетпейді. Гастарбайтер деген түсінік қазақстандықтар үшін жат ұғым. Сонау 90-шы жылдардың аяғынан бастап біздегі жалпы ішкі өнім жыл сайын 5-7 пайызға өсіп отырды. Осы қарқын кері кеткен жоқ, алға дамып келеді.

Дамудың тағы бір және негізгі көрсеткіші әлеуметтік саланың рефор­малануы дер едім. Мысалы, ден­саулық сақтау, білім беру және зейнетақы жүйесін реформалау жөнінен Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағы құрамында болған ел­дердің, оның ішінде Ресейді қос­қанда, барлығынан озып кет­ті. Соңғы жылдары үдемелі ин­дус­триялық-инновациялық даму бағдарламаларын жүзеге асыра бас­та­дық. Экономиканы жаңа технологиялар, үздік жобалар арқылы дамыту мақсаты қойылып отыр. Сонымен қатар, Қазақстан табиғи қазба байлықтарға бай болса да,

Соңғы жаңалықтар